389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанға ТМД ПА-дан байқаушылар келді

  • 320
  • UPD: 16:31, 08.06.2019
Нұр-Сұлтанға ТМД ПА-дан байқаушылар келді

Елордаға ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар келді. Олар қысқа мерзімді мониторинг жұмыстарын кеше бастап кеткен болатын.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесіп, сайлаушылар тізімін құру және еріктілерді жұмылдыру туралы мәселелерді талқылады. Айта кетейік, елордада 238 сайлау бөлімшесі ертеңгі науқанға сақадай сай. Оның ішінде 34 жабық сайлау бөлімшесі медициналық мекемелер мен әскери бөлімдерде орналасқан. Жалпы бас шаһарда 665 мың 463 сайлаушы тіркелген.

Ілияс Умаханов, ТМД Парламентаралық ассамблея тобының үйлестірушісі:

- Елордадан бөлек өзге де облыстарда болдық. Ұйымдастыру сапасы айтарлықтай жоғары деп айта аламыз. Сондай-ақ президенттікке үміткерлермен кездестік, олар үгіт насихат науқанына қатысты ешқандай шағым айтқан жоқ.  Осыған қарап, бәрі заң аясында жүріп жатыр деген тоқтамға келдік.

Хабар 24 телеарнасы