389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Вайлер: Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі әлем тарихында мәңгі қалады

  • 243
  • UPD: 08:58, 24.06.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғаламдық ядролық қарусыздану ісіне орасан зор үлес қосты.

Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі әлем тарихында мәңгі қалады. Бундестаг депутаты Альберт Вайлер осылай деп мәлімдеді. Саясаткер Германия парламенті Елбасының барлық бейбіт бастамаларын қолдап, көреген саясаткер ретінде бағалайтынын жеткізді.

Альберт Вайлер, Бундестаг депутаты:

– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық сахнада бейбітшілік пен келісім идеясын таратуға күш салып келеді. Біз ядролық қарудың қаншалықты қауіпті екенін жақсы білеміз. Сондықтан жойқын қаруға тыйым салу бастамасын қолдаушы мемлекеттердің қатары көбейіп, оның жер бетінен мүлдем жойылғанын қалаймыз. Ал Қазақстан – осы тұрғыда әлемге үлгі көрсеткен мемлекет. 

Хабар 24 телеарнасы