389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

  • 499
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары – Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарады. 

Хабар 24 телеарнасы