386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға 350 млрд теңге бөлінеді – Ж.Қасымбек

  • 136
  • UPD: 12:24, 03.09.2019
Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға 350 млрд теңге бөлінеді – Ж.Қасымбек syr-media.kz

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жолдаудың негізі бағыты ол экономиканы одан әрі өсіру мен елдің әлеуметтік жағдайын одан әрі көтеру. Қазақстандықтардың басты әлеуметтік сұрақтарының бірі –баспана мәселесі. Қазіргі уақытта 512 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай базасын құратын боламыз. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көпбалалы отбасыларға жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. Ол үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет біріншіден, 3 жылдың ішінде 30 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Екіншіден, жыл сайын 3700 кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал адамдарды сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 32,8 млрд теңге бөлінетін болады. Үшіншіден, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы баспана алуға 50 млрд теңгеден бөлінетін болады», – деді ҚР премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Хабар 24 телеарнасы