386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі деген қауесетке қатысты пікірін білдірді

  • 302
  • UPD: 12:22, 06.09.2019
Президент көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі деген қауесетке қатысты пікірін білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде шетелдіктерге жер сату мәселесіне тағы тоқталды.

«Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет», – деді президент.

Естеріңізде болса, Қ.Тоқаев Қазақстан халқы жолдауы кезінде де жер мәселесіне байланысты нақты жауап берген болатын.

Мемлекет басшысы сондай-ақ өз сөзінде тәуелсіздіктің маңызына да тоқталды: «Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам, ең алдымен, Тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етеді».

Хабар 24 телеарнасы