384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысып жатыр

  • 319
  • UPD: 09:29, 29.11.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті отырысына қатысуда. Биыл саммит Бішкекте ұйымдастырылған. Өйткені Ұйымға осы жылы Қырғызстан төрағалық етуде.

Алты елдің басшысы Ала Арча резиденциясына келді. Қазір Президенттер шағын құрамда жиын өткізіп жатыр. Шамамен жарты сағаттан кейін, кеңейтілген құрамдағы отырыс болады. Онда Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту, терорризммен күрес, Ауғанстандағы қазіргі ахуалды жақсарту сынды өте өзекті мәселелер қаралмақ. Одан бөлек осы ұйымға мүше мемлекеттердің әскери әлеуеті де сөз болады. Тараптар бірлесукен әскери оқу-жаттығу өткізу мәселесін талқылайды.

Хабар 24 телеарнасы