410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Германияның экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті

  • 432
  • UPD: 23:50, 05.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында осы елдің бұрынғы канцлері Герхард Шрёдермен кездесті.

Тараптар екі елдің арасындағы іскерлік байланыстардың келешегін талқылады. Президент Қазақстанға Германиядан қомақты инвестиция тарту қажеттігін айтып, бизнес қауымдастыққа жайлы жағдай жасалатынын жеткізді. «Арнайы экономикалық аймақтарда жеңілдіктер ұсынылады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте Германияның бұрынғы канцлері тек ірі компаниялар емес, шағын кәсіпорындарға да Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сізге деген ыстық ықыласын  жеткізгім келеді. Германия бізге инвестиция құйған елдердің ішінде 12-орында. Осы жағдайды жақсартуымыз керек. Біз неміс инвесторларына айтарлықтай жеңілдік жасай аламыз. Ол үшін арнайы экономикалық аймақтарымыз жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы