443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия сыртқы істер министрлігі қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 316
  • UPD: 22:16, 16.12.2019

Германия сыртқы істер министрлігі де қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ел – еліміздің егемендігін мойындаған алғашқы мемлекеттің бірі. Сол уақыттан бастап екі ел арасында сенімді серіктестік орнап, түрлі салаларда бірлескен жобалар жүзеге аса бастады. Қазір тараптар білім беру және жаңғыртылатын энергия бағыттарындағы әріптестігін тереңдетіп жатыр. Экономикасы дамыған, әлемдік саясаттағы көшбасшылардың бірі саналатын Германия Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі деп біледі.

Михаэль Зиберт, ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша уәкілі:

– Қазақстан - Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық серіктесіміз. Екіжақты қарым-қатынас биыл өте мазмұнды өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға келді. Көптеген құжатқа қол қойылып, бизнесмендер және министрліктермен көп келісім жасалды. Бұл сапар Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстың нығая беретінін айқындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы