376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қиын болды – Комиссия мүшесі

  • 168
  • UPD: 16:06, 25.12.2019

Президенттік жастар кадрлық резерві сауатты жастармен толықты. Ұлттық комиссия жұмысын бақылаған Асқар Омаров олардың лайықты басшы боларына сенімді. Бүгінде 300 қазақстандық жас іріктелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жобаның ел ертеңі жастардың жеке «жетістік тарихын» құруға мүмкіндік беретінін айтқан. Енді бұл жастар басқарушылық сатыларын одан әрі бағындырып, Қазақстанды биік шыңға жетелеуге мүдделі.

Асқар Омаров, «Қазақпарат» ХАА Бас директоры:

- Комиссияның жұмысы өте қиын болды. Себебі соңғы кезеңге өткен жастардан үш жүз адамды таңдау деген өте қиын болды. 28 жылдың ішінде бізде өте сауатты, білімді жастар көбейіп кетті. Шетелде біразы оқыған, біразы төмен жақтан бастап жұмыс істеп, тәжірибе алған. Елдің жағдайын түсінеді. Мемлекеттің жағдайын түсінетін жастар өте көп.

Хабар 24 телеарнасы