377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады

  • 123
  • UPD: 19:32, 30.12.2019
Армения премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да одан әрі тереңдетудің ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Армения премьер-министрі Қазақстан Президентін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев та Никол Пашинянның мемлекеттік қызметіне жаңа жылда мол табыс, достас армян халқына бақ-береке тіледі.

Хабар 24 телеарнасы