377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапон дипломаты Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

  • 196
  • UPD: 21:44, 06.01.2020
Жапон дипломаты Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

БҰҰ жанындағы Жапонияның тұрақты өкілі Коро Бешо Нью-Йорктегі қызметін аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған көптеген маңызды қарарларды дайындауға белсенді атсалысқан болатын. Атап айтқанда, Бешо мырза Солтүстік Корея өткізген кезекті зымыран сынақтарынан кейін осы елге қарсы шараларды күшейтуді ұсынған. Сондай-ақ террорлық және экстремистік топтармен байланысты балаларға қараудың Жол қартасын құру бастамасымен мәлім болды. 

Коро Бешо, БҰҰ жанындағы Жапонияның бұрынғы тұрақты өкілі:

– Қазақстанмен ортақ тұстарымыз көп. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Азия-Тынық мұхит аймағынан бірлесіп жұмыс істедік. Көптеген мәселе бойынша бірдей ұстаным білдірдік. Жапония мұны жоғары бағалайды. Екіжақты қатынастарымыз жақсы, дегенмен оны нығайту үшін әлі де көп еңбек етуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы