381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент депутаттары Қазақстанның жаңа демократиялық реформаларын қолдайды

  • 139
Еуропарламент депутаттары Қазақстанның жаңа демократиялық реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 17-отырысына қатысу шеңберінде Еуропалық комиссияның вице-президенті, ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, сондай-ақ Еуропалық Парламент депутаттары тобымен, оның ішінде ҚР-ЕО Достық тобы және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшелерімен кездесті.

Еуропалық Парламент депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР-дің жаңа демократиялық реформаларының әлеуетін атап өтті. Депутаттар ҚР Президентінің елдегі өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімін, сондай-ақ бейбіт жиналыстар, жала жабуды декриминализациялау, саяси партиялар құру үшін шегін төмендету жөніндегі заң жобаларын дайындау бастамаларын және т. б. қолдады.

 Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы