447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент: Үкімет Армениядан келген көліктерді тіркеу бойынша қосымша шаралар қабылдауда

  • 220
  • UPD: 19:49, 29.02.2020

Қазақстан ЕАЭО елдеріндегі кейбір серіктестермен байланыс мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Армениядан көлік әкелу жайы. Көптеген қазақстандық көрші елдерден темір тұлпар әкеліп үлгерген. Еліміздің Бас прокуратурасы жағдайды бақылауға алды деді ақпараттық-сараптамалық порталға берген эксклюзивті сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, бірқатар мемлекеттік құрылымға шағым түскен. Заңсыз кәсіп ашып, халықты алдағандар да бар. Енді мұндай олқылықтардың алдын алу қажет. Үкімет Армениядан келген көліктерді тіркеу бойынша қосымша шаралар қабылдауда.

Хабар 24 телеарнасы