427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

  • 468
  • UPD: 12:19, 19.03.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.

Ақпарат көзі: Ақорданың ресми сайты

Хабар 24 телеарнасы