411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды

  • 110
  • UPD: 17:10, 19.05.2020
Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы