426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет міндетті зейнетақы туралы қаулыны толықтырды  

  • 410
  • UPD: 16:20, 29.05.2020
Үкімет міндетті зейнетақы туралы қаулыны толықтырды  

Ел Үкіметі «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізді.

Құжат ішінде 5 тармақ редакцияланды. Мәселен, 5-ші тармақ бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуі тиіс міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс яғни, республикалық бюджет туралы заңдағы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспауы керек. 6-шы тармақта Салық кодексінің баптары қамтылса, 41-ші тармақта хабарламамарды агентке жеке өзіне қол қойғызу, жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де электрондық тәсілдер туралы жазылған. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Және осы жылдың басында туындаған қатынастар бойынша қолданылады.

 

Хабар 24 телеарнасы