АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Елбасының сауығып кетуін тілейді.
Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазды. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19 кеселінен сауығып кетуін тілеймін. Қазір мемлекеттеріміз сын сағатты басынан өткеруде. Бұл індетті бірлесіп жеңеміз деп сенемін» делінген твиттер жазбада.