428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 7,5%-ке артқан

  • 200
  • UPD: 21:58, 13.08.2020
Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 7,5%-ке артқан qazaqstan.tv

Ел экономикасы соншалықты құлдырап кеткен жоқ. Қиын шақтың өзінде машина жасау, өңдеу және тау кен өнеркәсібі мен құрылыс саласында өсім бар.

Мұны бүгін Елбасыға жеті айдағы экономикалық дамуды баяндаған Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.

Халыққа керегі баспана ғой. Жыл басынан бері бізде тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 7,5%-ке артқан.

Үкімет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жеті айда тағы қай салаларда өсім болғанын айтты.

Елбасы «бұл дағдарыс тәуелсіздік жылдарындағы қиындықтардың ең күрделісі»,- деді. Бізде ғана емес, әлемде жұмыссыздық деңгейі артып, бизнес тығырыққа тірелді. Елдер арасындағы сауда-саттық та айтарлықтай бәсеңдеген. Бірақ бізде қолға алынған шаралар осы қиындықтарды жеңілдетуге біршама сеп болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы переживаем один из самых сложных периодов за годы нашей независимости. За это время мы преодолели немало кризисов. Текущий охватил все страны мира. Везде наблюдается рост безработицы, бизнес испытывает сложности, снизилась торговля между государствами. Однако, принятые нами ранее меры помогли смягчить влияние кризиса на нашу экономику. Снижение наших экономических показателей в три раза меньше, чем в других странах.

Бізде Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы бар. Нәтижелі болды. Осының арқасында елде өңдеу өнеркәсібінің өрісі кеңейді. Өсімі артты. Бұған дәлел болатын нақты сандарды Елбасы айтты.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы кемшін тұстарды да атады. Денсаулық сақтау жүйесі пандемияға дайын болмай шыққанын жеткізді. Ахуал енді-енді оңалып келеді. Орайы келгенде Елбасы жұмыс орындарын сақтап, қиын шақта халыққа демеу болған ірі бизнес өкілдерінің еңбегін де ерекше атады. Мысалы...

Елбасы 5 институционалды реформаны ұсынған еді. Бұл құжаттың аясында экономика да, әлеуметтік салалар да түбегейлі өзгеруі қажет болды.

Бірсыпыра іс жасалды. Бірақ білім, денсаулық жүйесінде кемшіліктер бар. Жасырып-жабатыны жоқ. Елбасы Үкімет басшысына «осыны реттеу керек», деді.

Сақ жүрсең ғана сау жүресің. Сондықтан Елбасы айтты. «Санитарлық талапты әркім өзі үшін ұстануы тиіс». Бұл тұрғыда халыққа барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін де Нұрсұлтан Назарбаев қаперге салды.

«Ақиқатында әр қиындықтың артында жеңілдік бар» деген. Сондықтан бұл ауыр кезең де келмеске кетер. Бастысы – бейбітшілігіміздің баянды болуын тілейік.

Рас. Үкімет жұмыс орындарын ашып-ақ жатыр. Енді қарқынды төмендетіп алмау керек. Дамудан қалмау керек.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы