ҚР СІМ қазақстандық студенттерге көмектесу үшін жедел штаб құрды
- 328
- UPD: 22:58, 19.08.2020

Әлемді әбігерге салған індет шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттерге де оңайға соқпай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көптеген елде авиация мен көлік қозғалысы шектеліп, сырттан адам кіргізуге тыйым салынған. Оқу орындары шетелдік студенттер үшін қашықтан оқыту форматына көшкен. Осыған байланысты қазақстандық студенттерге көмектесу үшін Сыртқы істер министрлігінде жедел штаб құрылды. Оның құрамында Орталық аппарат қызметкерлерімен қатар шетелдегі консулдық қызметкерлері де бар. Олар өздері орналасқан елдегі әр университетпен байланыс орнатып, шетелдік студенттер үшін ұсынылатын оқу форматын анықтап жатыр. Қазір штаб Қазақстанда тіркелген өзге мемлекеттердің де елшіліктерімен тұрақты байланыс орнатты. Енді біздің студенттерге оқу орындарымен байланыс орнату, виза рәсімдеу, белгілі бір елге кіру мен шекарадан өту және басқа да мәселелер бойынша көмек көрсетеді.