420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ел үміті» жобасына қатысушылар тың идеяларын бөлісті

  • 164
  • UPD: 18:31, 20.08.2020
«Ел үміті» жобасына қатысушылар тың идеяларын бөлісті

«Ел үміті» жобасына қатысушы 300-ге жуық маман 11 өзекті салаға қажетті жаңа тәсілдер мен идеяларын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар білім беру, денсаулық сақтау, медиа саласында, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер бойынша біраз ұсыныс айтты. Нақты 37 қадамды да көрсетті. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Ел үміті» жобасына қатысушылармен осы ұсыныстарды жан-жақты талқылады. Экономиканы реформалау турасында айтылған келелі ой көп болды. Іс-шараға Президенттің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев те қатысты. «Білім беру мен адам дамуына инвестициялар салу – тұрақты әрі ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің негізгі факторы. Әрбір табысты идеяның, практиканың, реформаның артында адам тұр. Сіздердің әрқайсыларыңыздың әлеуетіңіз, кәсіби білімдеріңіз, ең бастысы, Қазақстанның гүлденуіне жеке үлес қосуға деген ниеттеріңіз бар», — деді Асқар Мамин. Сондай-ақ ол Үкімет мүшелеріне өздерінің салалық командаларымен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізуге ерекше назар аударуды және қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы