428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация Татарстан президентімен кездесті

  • 198
Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация Татарстан президентімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация Қазан қаласына жұмыс сапары барысында Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Қазақстан мен Татарстан алдағы жылдары арадағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті. Биылғы жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша ол 393 миллион долларды көрсеткен. Аида Балаева Татарстанның мемлекеттік кеңесшісімен, сондай-ақ баспасөз және жаппай коммуникациялар жөніндегі агенттік басшысымен де кездесті. Қазақстандық делегация Татарстанның Республика күні мен Татар автономдық кеңес социалистік республикасының құрылуының 100 жылдығын атап өтуге қатысады. Сондай-ақ тарихи-мәдени нысандарды араламақ.

Айдар Салимгараев, жаппай коммуникация бойынша республикалық «Татмедиа» агенттігінің басшысы:

– Біз ортақ онлайн семинарлар өткізуге келістік. Осылай тәжірибе алмасып отырамыз.

Денис Валеев, Татарстан республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілі:

– Қазақстан мен Татарстан арасында көпғасырлық экономикалық байланыс бар. Ресей империясына дейін біздің ата-бабаларымыз сауда-саттық жасаған. Бүгінде біз дәстүрді жалғастырып келеміз. Билік коронавирусқа қарамастан тығыз байланыста. Республикамызға қазақстандық делегациялар келеді. Жақында ғана шиналардың ортақ өндірісін дамыту және КАМАЗ зауыты өнімдеріне қатысты келісімге қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы