427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

  • 181
  • UPD: 18:24, 27.09.2020
Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді.

Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.

Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз», - делінген мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы