428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Байбек праймериз қатысушыларымен кездесті

  • 66
  • UPD: 02:50, 10.10.2020
Бауыржан Байбек праймериз қатысушыларымен кездесті

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймериз қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген талдауларға сәйкес, тіркелген 10 073 кандидаттың ішінде праймеризге барлық деңгейдегі мәслихаттардың 1410 қызметтегі депутаты қатысқанын атап өтті. Олардың 213-і партияішілік іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмаған. Яғни, праймеризден мәслихаттардың қызметтегі депутаттарының үштен бірі ғана өтті. Ең жоғары нәтижеге қол жеткізген 500-ден аса қатысушы волонтерлер, көп балалы аналар, қарапайым педагогтар, дәрігерлер, кәсіпорын қызметкерлері және басқалар. Бұл ретте праймериз партия қатарына 42 мыңнан астам жаңа мүше тартуға мүмкіндік берді. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір төртіншісі дауыс беру қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингке ие болды.

Хабар 24 телеарнасы