422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ОСК: Сайлауға 15,3 млрд теңге жұмсалады

  • 142
  • UPD: 20:07, 21.10.2020

Еліміздегі Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына 15,3 миллиард теңге жұмсалады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеді. Қаражаттың біраз бөлігі сайлау комиссияларының 70 мың мүшесіне еңбекақы ретінде төлеуге бағытталады. Қалған сома бюллетеньдерді дайындау, полиграфикалық өнімдерді дайындау және ақпараттық қолдауға жұмсалады. Жалпы бұл жолғы саяси науқанға бұрынғымен салыстырғанда мол қаражат бөлінеді. Себебі, елде дауыс берушілер саны артқан. Оның үстіне кампания барысында пандемия жағдайындағы карантиндік талаптар ескерілуі тиіс. Мәселен, комиссия мүшелерін қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге 350 миллион теңге жұмсалады. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Тиісті ұсыным Үкімет қарауына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы