419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Америкс: Қазақстан қаңтарда таңдау жасайды

  • 243
  • UPD: 09:25, 27.11.2020

Қазақстан – саясат, экономика және аймақ қауіпсіздігі бойынша Орталық Азиядағы ықпалды мемлекет.

Ал елде өтетін Парламент сайлауы – маңызды саяси оқиға дейді «Еуроодақ пен Қазақстанның қарым-қатынасы. Әріптестік орнатудан болашаққа бағдар» атты онлайн-конференция барысында Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегацияның вице-президенті Андрис Америкс. Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі бельгиялық «EurActiv» уеб-басылымының онлайн-алаңында ұйымдастырған пікірталаста, еуро-депутат Еуроодақ пен Қазақстанның арасындағы екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың маңыздылығын атап өтті. Андрис Америкс кең әріптестік туралы келісім қарым-қатынасымызды жаңа белеске көтереді деп сенім білдірді.

Андрис Америкс, Еуропарламент делегациясының вице-президенті:

– Қазақстанға барған әр адам елдегі оң өзгерістерді бірден байқайды. Қазанда қазақ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қаңтарында Парламент сайлауы өтетінін жариялады. Ел азаматтары демократияны әрі қарай дамыту, гүлдену және халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Партия тізімінде әйелдер мен жастарға 30 процент квота беру – Қазақстанның саяси өміріндегі тепе-теңдікті дамыту үшін елеулі қадам деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы