Тұңғыш Президент күніне орай Ақорда алдында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Қазақ үшін көгінде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Алаш баласы оған қараған сайын қуат алады. Кеудесін мақтаныш сезімі кернеп, ертеңгі күнге сенімі артады. Тудың тұғырға қонуы – жылда орындалатын рәсім. Биыл да бұл бұлжымас дәстүр бар сән-салтанатымен өтті.