433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саясаттанушылар: Бұл сайлау елдің демокартиялық даму бағытындағы үлкен бір серпіліс

  • 317
  • UPD: 21:24, 09.12.2020

Өскеменде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы жайлы алқалы жиын өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда бас қосқан сарапшылар жақындап қалған саяси науқанның маңыздылығы туралы әңгіме қозғады. Ғалымдар мен саясаттанушылар, қоғам белсенділері бұл сайлау елдің демокартиялық даму бағытындағы үлкен бір серпіліс екенін атап өтті. Ал елімізде Президент жанынан құрылған «Қоғамдық сенім» ұлттық кеңесінің жұмысы бұған үлкен мысал бола алады. Өйткені аталған институт құрамында түрлі партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ақпарат құралдарының өкілдері бар. Осы кеңестің арқасында елдегі заңнамаларға біршама өзгерістер де енгізіліп жатыр. Мәселен саяси партияларды тіркеу бойынша шектік 50%-ке азайтылды. Мәжілістегі нәзік жандылар мен жастардың мүмкіндіктері артты. «Бұл әрине, жаңа мақсаттар мен үлкен жауапкершілікке жол ашатыны сөзсіз», - дейді сарапшылар.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

- Ұлттық кеңес аясында біздің елімізде саяси реформалардың бірінші пакеті ұсынылған, міне, осы бірінші пакет аясында біздің еліміздегі жеті заңға өзгеріс енгізілді. Партия туралы заңға жастар мен ханымдарға 30% квота енгізілді. Сонымен қатар Парламент туралы заңда парламенттік оппозиция деген жаңа термин пайда болды.

Мұхтар Төлеген, ШҚМУ ректоры:

- Сайлау алдындағы айтулы мәселелердің барлығын осы жерде сұрақтарға жауап беріп, диалог ретінде талқыладық. Өйткені білесіздер, біздің елімізде саяси плюрализм, яғни партиялардың әр алуандығы, сонымен қатар саяси көзқарастардың алуандығы, сондай- ақ теңдік, әділеттік принциптерін бүгін жақсы талқыға салып, өзіміз бір тұщымды жақсы нәтиже алдық.

Хабар 24 телеарнасы