Құжатта «астықтың резервтік қоры», «астық нарығы жөніндегі оператор» ұғымдары енгізілген. Бұл заң жобасы Парламент депуттаттарының бастамасымен әзірленген болатын.
Құжат табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде астықпен қамтамасыз етуге кепіл болады. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қадағалау үшін қажет. Уәкілетті органға осы нарықта тиісті құзыреттілік беріледі. Тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру шаралары да заңда қаралған. Нәтижесінде кез келген жағдайда халық үшін астық өнімдері қолжетімді болмақ.