420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау учаскелерінде бейпартиялық 20 мың байқаушы жұмыс істейді

  • 49
  • UPD: 13:40, 16.12.2020

Еліміздегі жалпы саны 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде бейпартиялық байқаушылар жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан азаматтық альянсы мен Кәсіподақтар федерациясының біріккен күші осы іске демеу болады. Байқаушы болуға үміткерлер елордада дайындықтан өтеді. Біліктілікті арттыру курстары онлайн ұйымдастырылады. Қатысушыларға сайлау туралы заң түсіндіріліп, міндеттері таныстырылады. Науқан қарсаңында сынақтан сәтті өткендер сайлау учаскесіне жіберіледі.

Бану Нұрғазиева, Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

- Бейпартиялық байқау орталығының өкілдері сайлау учаскелерінде кезекпен жұмыс істейтін болады. Сондықтан бізге 20 мың адам керек деп ойлаймын. Әр учаскеге 2 адам бекітіледі. Әзірге тізімде 18 мың адам бар. Байқаушы болам деушілер көп тіркелуде.

Хабар 24 телеарнасы