421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіподақтар федерациясы Мәжіліс сайлауына 7 мың бақылаушысын қатыстырмақ

  • 116
  • UPD: 18:01, 17.12.2020

Алдағы сайлауда кәсіпорын басшылары тарапынан жұмысшыларға белгілі бір партияны қолдайтындай қысым болмауға тиіс.

Қызметкерлер әртарап пікір ұстанып, қажет болса сайлаудан қалыс қалу мұмкіндігі бар екенін білуі керек. Бұл құқықтар тапталмауы үшін елдегі ең ірі қоғамдық бірлестік - кәсіподақтар федерациясы сайлауға 7 мың бақылаушысын қатыстырмақ. Қазірдің өзінде олардың 45 процентке жуығы сайлауалды білімін жетілдіріп, саяси науқанға қатысуға тас-түйін дайын отыр. 

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

- Ертең қандай бір заңның шеңберінен шығып кетер оқиға болса өз-өзін қалай ұстау керек, қандай міндеттері бар екенін түсіндіру керек. Сайлауда заң бұзушылықтар болмау үшін біріншіден, өз құқықтарын толықтай білу керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы