419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейпартиялық орталық байқаушыларды тренингтен өткізеді

  • 109
  • UPD: 22:03, 23.12.2020
Бейпартиялық орталық байқаушыларды тренингтен өткізеді

Елордадағы сайлауды бейпартиялық байқау орталығында алдағы саяси науқанға қатысатын партия өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауын байқау мәселелері талқыланды. Бейпартиялық орталық құрамына 18 мың адам мүше. Ұйым Қазақстан кәсіподақтары федерациясы мен Азаматтық альянс мүшелерінің күш біріктіруі нәтижесінде құрылды. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде сайлау учаскелеріне байқаушы ретінде жіберіледі. Қазір барлығы онлайн тренингтен өтіп жатыр. Сайлау туралы заңдар мен басқа да ережелер түсіндіріледі. Сосын екі мәрте сынақ тапсырып, байқаушы мәртебесі беріледі.

Бану Нұрғазиева, Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

- Осы бір апта бойы саяси партия өкілдерін осы орталыққа шақырдық. Олардың да дайындап жатқан байқаушылары бар. Қалай дайындап жатыр. Сол сұрақтар. Екіншіден, ой-пікірлерін де естігіміз келді. Осы аптада кездесулер болса, келесі аптада тренингтер болады.

Хабар 24 телеарнасы