389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан өткен ел біріншілігінде үздік атанды

  • 979
  • UPD: 18:14, 10.02.2017
Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан өткен ел біріншілігінде үздік атанды Ізтұрған Алдуаев©

Үш қарғып секіруден Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Даңқты спортшымыз қыздар арасында ұзындыққа секіру сайысында бақ сынап, бірінші орын алды. Оның алты рет секірген мүмкіндігінің ішінде 6 метр 44 сантиметр көрсеткіші ең үздік нәтиже болды.

Айта кетейік, «спорт ханшайымы» саналатын жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан біріншілігі 10 ақпан күні басталып, үш күнге созылады.

Еске салайық, 2012 жылы Рыпакова Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған еді. Сондай-ақ оның еншісінде Рио Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

Ал 2008 жылы Бейжіңде өткен төртжылдықтың басты додасында қола жүлде алды. Бірақ кейін бұл сында күміс алған ресейлік Татьяна Лебедева допингпен ұсталып, оның күмісі біздің отандасымызға бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы