386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады

  • 354
  • UPD: 16:48, 09.04.2017
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады vesti.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады. Отандастарымыз Алматыда өтіп жатқан ойындарда Македония құрамасын жеңді.

Бразилиялық маман Жозе Алесио жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ойынның он екінші минутында Лео гол соқса, бірінші кезең аяқталар тұста сәтті пасты қаққан Серік Жаманқұлов қақапаға екінші голды соқты. Ойынның отыз үшінші минутында Альберт Акбаликов та Македония құрамасының қақпасына үшінші рет допты тоғытты. Осылайша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады.

Ертең Қазақстан құрамасы Даниямен ойнайды деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Хабар 24 телеарнасы