387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық полошылар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

  • 452
  • UPD: 23:06, 29.05.2017
Қазақстандық полошылар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды Kursiv.kz

Қазақстандық полошылар Мюнхенде өткен екі бірдей халықаралық турнирден жеңіспен оралды. Астаналық команда «Мюник поло кап 2017» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанса, «Мюнхен голд кап» сайысында Алматылықтар жеңіске жетіп, Голландия, Германия және Швейцария командаларын шаң қаптырды.

Бұл қазақстандық ойыншылардың халықаралық аренадағы алғашқы жеңістері емес. Былтыр Аргентинаның Лухан қаласында өткен додадан да жерлестеріміз бас жүлдемен оралған болатын.

Хабар 24 телеарнасы