383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» ХК «Йокеритті» 4:0 есебімен жеңді

  • 363
  • UPD: 18:09, 31.10.2017

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Батыс конференциясында үздік үштіктің қатарында келе жатқан «Йокеритті» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Роман Савченко мен Талғат Жайлауов және Даррен Диц мергендік танытқан матчта Найджел Доус та көзге түсті. Ертең елорда командасы «Слованмен» айдынға шығады. Хоккейшілердің жеңісті жолын баскетболшы жігіттер жалғастыра алмады. «Астана» ВТБ бірыңғай лигасының кезекті турында «Химкиге» қонаққа барып, соңғы екі секундта жеңісті жіберіп алды. Қорытынды есеп – 72:71.

Хабар 24 телеарнасы