388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда спортшыларды қолдауға арналған фестиваль өтіп жатыр

  • 659
  • UPD: 11:51, 08.02.2018

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында байрағын көтеретін ақ олимпиададан біздің жанкүйерлер үлкен үміт күтеді.

Ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында батысқазақстандықтар да бар. Олимпиадалық құраманың капитаны әрі ту ұстаушы Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен сынға түседі.

Дәл қазір Оралда оларды қолдауға арналған фестиваль өтіп жатыр.

Санаулы минут бұрын ғана басталған фестиваль шаһарымыздағы «Мұз спорты» сарайында өтіп жатыр. Осыдан 16 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай бұл нысанның салынуымен бірге облыс спорты тарихының жаңа парағы ашылды десе болады. Мыңдаған бала спорт үйірмелеріне жазылып, жаттығып, тынымсыз тер төкті. Сол кезде шорт-тректен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бүгінде ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Алматыдан Оралға арнайы шақыртылды. Міне, еселі еңбек өз нәтижесін беріп жатыр. Оралдық Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев бүкіл әлем көз тіккен қысқы олимпиадада 1500 метрде, 500 метрде және эстафетада сынға түседі. Екеуі де бұған дейін әлем кубогын ұтып алған. Бүгінгі фестивальге спортшылардың ата-аналары да қатысып отыр. 

Бүгінгі шара барысында қысқы спорт түрлерінің тарихы мен даму жолы, өңірден шыққан танымал спортшылар жиналғандарға кеңінен таныстырылмақ. Сонымен қатар шайбалы және допты хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар мен шорттрекшілер өз шеберліктерін паш етпек.

Авторы: Ерденбек Жылқайдарұлы

 

Хабар 24 телеарнасы