383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ Олимпиадаға аттанған спортшыларымызды қолдау мақсатында спартакиадалар басталды

  • 412
  • UPD: 09:50, 09.02.2018

Президенттік көпсайыс, шаңғымен жарысу, допты хоккей және конькимен жүгіру.

Қарағандыда Пхенчхан қаласындағы Ақ Олимпиадада жарыс жолына шығатын спортшыларымызды қолдауға арналған екі бірдей спартакиада басталды. Облыстың 9 ауданынан келген командалар қысқы спорттың 4 түрінен бақ сынады. Осымен 15 рет өткізіліп отырған «Ақ қыс-2018» спартакиадасына 34 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиадада Қарағанды өңірінен үш конькиші сынға түседі.

Амангелді Нұрмұханов, Абай ауданы спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы:

– Өткізіліп жатқан бұқаралық іс-шара – бұл спорттың қысқы түрлерін дамыту, жастарды спортқа тарту. Бұл өткізіліп жатқан спорт түрлері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Және де Қысқы Олимпиада ойындарына кеткен спортшыларымызды қолдаймыз, олардың жарыстарын эфирден көріп, жанкүйерлік танытамыз.

Хабар 24 телеарнасы