383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Галышева финалға шығуына қатысты пікір білдірді

  • 335
  • UPD: 09:58, 09.02.2018
Галышева финалға шығуына қатысты пікір білдірді inform.kz

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева оңтүстіккореялық Пхенчандағы 2018 жылғы Олимпиадада могулдан өткен жарыста финалға шығуына қатысты пікір білдірді.

«Бірінші мүмкіндіктен-ақ финалға өтіп, 11 ақпанда екінші рет қайта іріктеуден өтпейтініме қуаныштымын. Ертең финал алдында тағы бір рет жаттығамыз. Ал екінші іріктеу өткен соң, яғни 20 қыз таңдалған кезде финал басталады», деді Галышева.

«Бүгін ауа райы да қолайсыз болды. Бірде жылы, бірақ ештеңені көрмейсің. Жарыс басталғанда, шамды қосып қойды. Біз арнайы қойылған жарықпен дайындалдық. Күн бірде шығып, бірде кіріп, кедергі келтірді», деді қазақстандық фристайлшы.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты.  Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша ол бірінші мүмкіндігінен дода финалына шықты. Бұл іріктеуде француз спортшысы Перрин Лаффон 79.72 ұпай жинап, көш бастап тұр. Финал 11 ақпанда өтеді.

25 жастағы Галышева карьерасында осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр: 2010 жылы 11-орын, 2014 жылы жетінші орын алған.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы