385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абзал Әжғалиев ақтық сынға жолдама ала алмады

  • 494
  • UPD: 16:58, 22.02.2018
Абзал Әжғалиев ақтық сынға жолдама ала алмады

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтықта жартылай финалдық жарыстар өтті.

Жартылай финалда бақ сынаған жалғыз отандасымыз Абзал Әжғалиев бірінші топта өнер көрсетті. Өкінішке қарай, ту ұстаушымыз финалдық кезеңге өте алмады. Сәл қателікке бой алдырып, өз тобында соңғы орын алып қалды.

Хабар 24 телеарнасы