382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сыр барысы» самбодан түйе балуандар бәсекесінде де топ жарды

  • 446
  • UPD: 16:47, 07.05.2018
«Сыр барысы» самбодан түйе балуандар бәсекесінде де топ жарды Егемен Қазақстан

Ұлы жеңіс күні қарсаңында Қызылорда облысының Қармақшы елді мекенінде Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал өтті.

Биыл 23-мәрте ұйымдастырылған самбо сайысына еліміздің 11 аймағынан бөлек сегіз елден білекті балуандар келді. Ең жеңіл салмақта өзбекстандық спортшының мерейі үстем болды. 57, 62 және 68 келі салмақ дәрежелерінде қазақ балуандары жеңіске жетті. Атап айтқанда, Дамир Әбдібеков, Нұржан Тілеубергенов және Азамат Шайкөзов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Әзербайжан мен өзбек балуандары орта салмақтарда көзге түсті. Қазақстандық Мақсат Исақабылов пен Ерсін Мұхаметжанов аса ауыр салмақтарда алтыннан алқа тағынды. Қазақ күресінен өткен түйе балуандар бәсекесінде «Сыр барысы» атанған Нұрым Сәлімгереев қарсылас шақ келтірмеді. 

Нұрым Сәлімгереев, жарыс жеңімпазы:

- Жеңімпаз боламын деп мақсат қойып келдім. Осы түйе балуан атағын өз жерімізде қалдырамыз деп. Сол мақсатымызға жеттік.

Хабар 24 телеарнасы