384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Надаль-Федерер: әлемдегі бірінші ракетка кім?

  • 421
  • UPD: 19:01, 21.05.2018
Надаль-Федерер: әлемдегі бірінші ракетка кім?

Жуырда Римде «мастерс» кезеңі өткені белгілі.

Бұл кезеңде Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды.

Өткен аптада Роджер Федерерге жол берген испан теннисшісі қайтадан көш бастады. Кеше Надаль Рим «мастерсінде» топ жарды. Финалда ол германиялық Александр Зверевтен 6:1, 1:6, 6:3 есебімен басым түсті. Рафа бұл турнирде сегізінші мәрте жеңіске жетіп, «мастерс» санатындағы жүлделерінің санын 32-ге жеткізді. Қазір Надальдың еншісінде жалпы 78 жүлде бар. Жекелей сында ұтып алған жарыстарының саны жөнінен ол әлемде төртінші орынға шықты.

Рафаэль Надаль, әлемнің бірінші ракеткасы:

- Бұл апта керемет табысты өтті. Кезекті мәрте жүлделі болдым. Финалда тартысқа толы қиын ойын болды. Ойын арасындағы үзілістің арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. Себебі аздаған үзілісте қателіктерден қорытынды шығарып, тактика жағынан дұрыс шешім қабылдадық. Зверевтің болашағы алда, оған уақыт керек.

Хабар 24 телеарнасы