374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкекте семсерлесуден Орталық Азияның алғашқы чемпионаты өтті

  • 176
  • UPD: 18:26, 18.06.2018

Заманауи семсерлесу деген не? Бұл жарыстар сауыт киген орта ғасыр жауынгерлердің қылыштасуынан мүлде бөлек.

Әлемде кең қанат жайып келе жатқан семсерлесу жекпе-жегі бойынша Бішкекте Орталық Азияның алғашқы чемпионаты өтті. Бұл жерде орта ғасырды еске түсіретін сауыт киген cалт атты да, алмас қылыш та көзге көрінбейді. Жауынгерлер жекпе-жегін еске түсіретін нәрсе – тек соққыдан қорғанатын қалқандар мен қылыштар. Алайда қылыштардың өзі ерекше, олар арнайы нығыздағышқа оралған пластик түтіктерден жасалған. Аталмыш спорттық жабдықтар салмақты болғанымен, қарсыласты ұрғанда соққы жұмсақ тиетіндей етіп жасалған. Жекпе-жек қауіпсіз болғаны сонша, оған төрт жастағы бала да қатыса алады. 

Богдан Сбитных, Бішкек қаласы «Гвардия» клубының жетекшісі:

- Жарақат алу қаупі болғандықтан, шынайы тарихи жекпе-жекке қатысуға 18 жастан бастап қана рұқсат етіледі. Ал біз көріп тұрған бұл әдіс қылыштасу жекпе-жегіне дайындалуға мүмкіндік береді. Бұл қылыштар қауіпсіз әрі оның жабдықтары сертификатталған. Ол тарихқа деген қызығушылықпен қатар адам тәнін жетілдіріп, моториканы дамытады.

Заманауи қылыш шайқасы – тарих пен дене шынықтырудың қосындысы. Ежелде епті әрі күшті сарбаздар ғана қылышпен шайқасқан. Қазіргі таңда да қылыштасу жекпе-жегін үйренгісі келетіндер жетерлік. Спорттың осы түрін жақсы көретін адамдар клубтарға жиналып, сайыстар өткізеді. Жарыс соңында қатысушылар алмас қылыш асынып, темір сауыт киініп шайқасады. Мұндай спорт түрі Қазақстанда да дамып келеді.

Владимир Торопов, Петропавл қаласы «Темір түмен» клубының жетекшісі:

- Бізде осындай жарысты Қазақстанда өткізсек деген оймыз бар. Аталмыш жекпе-жек жарыстарын Қазақстанға әкеліп, қалалардың бірінде демеушілік жасап дамытсақ деп ойладық. Өйткені Қазақстанның географиялық орналасуы бүкіл Азия үшін қолайлы болғандықтан, спортшыларға осында жиналуға ыңғайлы.

Бішкектегі жарысқа қатысу үшін Ресей, Қазақстан мен Өзбекстаннан спортшылар жиналды. Шайқастар екі аталым бойынша өткізілді.  Айтпақшы, Еуропа чемпионатында Қазақстан спортшысы қола медальға қол жеткізген.

Авторлары: Бакыт Чермашев

Осы категория бойынша: « ӘЧ аясында 3 команда кездеседі ӘЧ-2018: Панама құрамасының алғашқы қадамы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы