365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің екінші кезеңіне шықты

  • 188
Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің екінші кезеңіне шықты championat.com

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің екінші кезеңіне шықты.

Алғашқы айналымда ол поляк қызы Магда Линеттен 6:3, 3:6, 10:8 есебімен басым түсті. Путинцева екінші кезеңде ресейлік Дарья Касаткинамен ойнайды. Зарина Диас жарақатына байланысты жарыстан бас тартты. Ерлер арасында Михаил Кукушкинге көз тігеміз. Қазақстандық теннисші канадалық Вашек Поспишилді ұтты. Есеп: 6:4, 3:6, 6:2, 6:3. Кукушкин екінші айналымда Рафаэль Надальмен кездеседі. Әлемнің бірінші ракеткасы израильдік Дуди Селадан 6:3, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Надаль-Кукушкин ойыны ертең Астана уақытымен күндіз төрт жарымда басталады. Қазақстандық теннисші испан жігітімен 2014 жылы «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымында кездескенін айта кетейік.

Осы категория бойынша: « Аршавин: Ресейдің әлем чемпионы болғанын қалаймын Индонезияда болатын Азия ойындарына еліміздің намысын төрт велоспортшы қорғайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы