367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қазақ халқының ұлттық ойындарынан жарыс өтіп жатыр

  • 244
  • UPD: 15:51, 14.07.2018

Астанада қазақ халқының ұлттық ойындары бойынша жарыстар өтіп жатыр.

Бұл ойындар «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында ұйымдастырылған. Спортшылар аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, асық атудан өзара мықтыны анықтайды.

Дариға Ташенова, тілші:

– «Қазанат» атшабарында ұлттық ойындар басталып кетті. Жоспар бойынша бұл дүбірлі додада 5 салмақ бойынша 20 балуан арасында аударыспақ алыптары, құралайды көзге атқан 12 жамбышылар мергендері және желден жүйрік 12 теңге ілушілер арасында мықтылар анықталады. Айта кетейік, бүгін ұлттық спорт түрлері сайысының іріктеу кезеңі болып табылады. Оған Оңтүстік Қазақстан аймағының спортшылары қатысып отыр. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің кубок, медальдарымен марапатталады. Бұл шара «Ұлы дала рухы» фестивалінің аясында өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің дамуына тың серпін беру. Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Фестиваль еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Мәселен, 13-15 шілде күндері Шымкент қаласында Оңтүстік аймақ, 27-29 шілде күндері Ақтөбе қаласында Батыс аймақ, 13-15 тамыз күндері Павлодар қаласында Шығыс аймақ, 17-19 тамыз күндері Астана қаласында Солтүстік аймақ жарыстарының салтанатты ашылуы өткізіледі.

Аймақтардағы іріктеу жарыстары 31 тамызда өз мәресіне жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққан командалар фестивальдің II кезеңіне өтеді. Ал Астана қаласында 11-16 қыркүйек күндері аралығында өтетін ІІ кезеңге 250 жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Фестивальдің II кезеңіңде жартылай финал мен финалдық бәсекелер тамашаланады.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық дзюдошылар жасөспірімдер арасындағы Азия кубогына қатысады Петропавлда дүние жүзінен келген қазақтар арасында шағын футбол жарысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы