369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан әлем чемпионатының эстафетасы Катарға табысталды

  • 206
Футболдан әлем чемпионатының эстафетасы Катарға табысталды

2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтеді. Осыған орай Ресей ресми түрде аладоп аламанының эстафетасын Арабия түбегіндегі елге табыстады.

Салтанатты шара Кремльде болды. Бұл рәсімге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Катар әміршісі Тамим бин Хамад Әл Тани және халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино қатысты. Ең қызығы, Катардағы әлем чемпионаты қыс мезгілінде болады. Яғни 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсан арасына жоспарланып отыр. Оған себеп, елдегі климаттық ерекшелік және бұл футбол тарихындағы қыста өткен ең алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Осы категория бойынша: « «Ювентустың» стадионына келген Роналдуды мыңдаған жанкүйер қарсы алды БАҚ өкілдері арасындағы турнирде «Хабар» арнасының футбол командасы топ жарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы