365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио-2020: ашылу мен жабылу салтанаттарына жауапты маман тағайындалды

  • 145
  • UPD: 17:47, 31.07.2018
Токио-2020: ашылу мен жабылу салтанаттарына жауапты маман тағайындалды

Токио олимпиадасының басталуына тура 2 жыл қалды.

Ал жапон жұрты оған дайындыққа қазірден кірісіп кетті. Әсіресе ашылу мен жабылу салтанаттарына жауапты маманды тағайындады. Оған жергілікті актер Мансай Номура лайық деп танылды. Бұл жөнінде Токио-2020 ойындарының атқарушы комитет отырысында белгілі болды. Яғни Мансай Номура бас атқарушы креативті директор ретінде 4 бірдей салтанатты шараның бағдарламасын дайындайды. Олар – жазғы Олимпиада мен жазғы Паралимпиаданың ашылу-жабылу кештері.

Айта кетейік, Токио олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесінде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Артынша, яғни 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары өтеді.

Фужио Митарай, Токио-2020 Олимпиада ойындарының құрметті президенті:

- Мансай Номура – тек Жапония елінде ғана емес, халықаралық деңгейде де өте танымал тұлға. Сонымен қатар дәстүрлі жапон мәдениетімен жақсы таныс, заманауи театр өнерінен де хабары бар. Сондықтан өзіне артылған міндетті абыроймен алып шығарына сенімдіміз.

Осы категория бойынша: « Астанадағы ел чемпионатына 100-ден аса велотрекші қатысып жатыр Юлия Путинцева АҚШ-та екінші айналымға жолдама алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы