374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда өрт-құтқару спорты бойынша ел чемпионаты өтіп жатыр

  • 239
  • UPD: 18:34, 07.08.2018

Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен  16 команда келген. 3 күнге созылатын жарыс мұнараға шығу, 100 метрге кедергімен жүгіру, өрт сөндіру эстафетасы және мотопомпадан жолақ тарту сияқты 4 кезеңнен тұрады. «Ересектер арасындағы Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік бестікке кіреді. Жасөспірімдеріміз де жаман өнер көрсетіп жүрген жоқ. Бізді алда әлемдік деңгейдегі дүбірлі додалар күтіп тұр. Осы іріктеу жарысынан кейін жасөспірімдер құрамасын жасақтауға кірісеміз», - дейді чемпионатты ұйымдастырушылар.

Дәурен Данаев, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының директоры:

- Осы жарыстан кейін іріктеу болады. Іріктеу жарыстан біз ҚР жасөспірімдер арасындағы құрама команданы жинақтап, Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қыркүйек айында Болгарияның Варна қаласында өтетін VIII әлем чемпионатына жол жүреміз.

Осы категория бойынша: « «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуды көздейді Хорватиялық команда «Астананың» қақпасына гол соқты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы