365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: жарыстың алғашқы күні Қазақстан 4 медаль еншіледі

  • 290
  • UPD: 09:27, 20.08.2018
Азиада-2018: жарыстың алғашқы күні Қазақстан 4 медаль еншіледі

Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар алтын, күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Алтынды семсерлесуші Дмитрий Алексанин, күмісті еркін күрестен Данияр Қайсанов, дәл осындай спорт түрінен Саятбек Оқасов мен Әділет Давлумбаев қола медальдарды иеленді. Төрт медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медальдық есепте бесінші орынға табан тіреді, деп жазады ҚазАқпарат.

Азиада-2018-дің медальдық есебі: 1.Қытай – 16 медаль (7 алтын, 5 күміс, 4 қола) 2. Жапония – 14 (3-6-5) 3. Оңтүстік Корея – 11 (2-3-6) 4. Иран – 5 (2-2-1) 5. Казақстан – 4 (1-1-2) Алғашқы күні жалпы 18 елдің спортшылары жүлделерге қол жеткізді.

Осы категория бойынша: « Балуан Әділет Дәулімбаев Азиадада қырғыз спортшысын жеңді Швейцарияда велотректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы