365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен Чехияны жеңді

  • 161
  • UPD: 20:10, 20.08.2018
Футзалдан Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен Чехияны жеңді

Шымылдық ашар кездесуде Қазақстан құрамасы Чехиямен шеберлік байқасты. Екі жыл бұрын қола жүлдеге қол жеткізген чехтар бұл жолы бас жүлде алуға тәуекел етіп отыр. Бірақ қонақтар қанша тырысқанымен, алаң иелерінен айласын асыра алмады. Текетіреспен өткен ойында Қайрат Құлбарақов шәкірттері 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осы кездесуде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Дәурен Тұрсағұлов екі гол соқса, Қарағанды экономикалық университетінің шәкірті Ақеділ Мадияров та екі голдың авторы атанды. Чехия сапынан Павел Дрозд пен Давид Черны көзге түсті. Осы топтағы Беларусь пен Жаңа Зеландия арасындағы матчта беларусьтар 8:1 есебімен жеңіске жетіп топ бастаған. Алайда бүгін олар чехтардан ұтылып қалды. Қазақстан студенттер құрамасы екінші кездесуін бүгін кешке Жаңа Зеландиямен өткізеді.

Белихи Мосэн, Франция құрамасының ойыншысы:

- Менің ойымша, бұл жарыста осал команда жоқ. Кеше Қазақстан құрамасының ойынын тамашаладым. Жігіттер жақсы ойын көрсетті. Егер осы қарқындарын жоғалтып алмаса, жүлделі орыннан көрінуі әбден мүмкін. Және команда сапында ұлттық құрамада сондай-ақ «Қайрат» командасында ойнайтын тәжірибелі футболшылар бар екен. Егер Қазақстан құрамасымен финалдық кезеңде жолымыз түйісе қалса, тартысты ойын болғалы тұр.

Осы категория бойынша: « Новак Джокович Masters турнирлерін түгелдей жеңген алғашқы теннисші атанды Еліміздің велортекшілері әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы