365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Баландин Азиаданың екінші қола медалін жеңіп алды

  • 148
  • UPD: 20:34, 24.08.2018
Дмитрий Баландин Азиаданың екінші қола медалін жеңіп алды

Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалдық сында жерлесіміз жапониялық Ясухиро Кусико (27.07) мен қытайлық Ян Зибейден (27.25) қалып қойды. 

Баландиннің көрсеткіші – 27.46. 

Бұл – Баландиннің биылғы Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында да үздік үштікті тұйықтаған еді. 

Баландин өзі Олимпиада чемпионы атанған 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне жарақатына байланысты қатыспайды. 

Осы категория бойынша: « Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарын қола медальмен аяқтады Азиада-2018: жүзуден Қазақстан командасы эстафетада үздік үштікке енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы